«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
129

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары апта сайын жалғасын тауып келеді.

Бұл жолы Астана төріндегі «Әл-Ғани» мешітінде бас қосқан имамдар «Ханафи мәзһабының фиқһы және Пәтуа берудегі ерекшеліктері мен артықшылықтары» тақырыбында тұшымды насихат тыңдады.

Семинар жұмысын «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Астана қаласы бойынша пәтуа жұмыстарына жауапты маман Ибраев Тамирлан ұстаз жүргізіп, қатысушыларға құнды мағлұматтармен бөлісті.