Павлодар: Имамдар мен ұстаздарға арнайы семинар өтті

0
201

ҚМДБ тапсырмасына орай 2023 жылдық жоспар бойынша Павлодар облыстық өкілдігінде әртүрлі бағыттарда семинарлар өткізіліп келеді.

Семинарлардың ең басты мақсаты – имамдар мен ұстаздардың білімін жетілдіру, жаңа деңгейге көтеру. Осы мақсатты жүзеге асыру жоспары бойынша қыркүйек айының соңында «Нұр Мүбарак» ислам университетінің ұстазы, ғылым докторы Алау Әділбаев келіп, павлодарлық имамдарға және «Әбу Бәкір» медресе-колледжінің ұстаздарына арнайы семинар оқыды. Дәріс барысында көптеген сұрақтарға жауап берді. Бұл семинарлар әлі де жалғасын табады.