АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ – ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

0
186

Астанада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXХІХ мәжілісінде белгілі дін қызметкері Арман Қуанышбаевтың кандидатурасы бірауыздан қабылданды.

Мәжіліс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесіне жаңадан қабылданған Кентау қаласындағы «Балаби қари» қарилар дайындау орталығының директоры және РАНТ мүшесі Арман Баймұханұлын құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.  

«Арман Қуанышбаевтың Ғұламалар кеңесіне мүшелікке қабылдануы кеңес жұмысына жаңаша серпін береді деген сенімдемін. Дін қызметіндегі біліміңіз бен тәжірибеңіз қоғам сұранысына сай пәтуаларды қабылдауда септігін тигізетіні сөзсіз» деді Бас мүфти.