«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры студенттермен кездесті

0
204

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде студенттермен кездесті.

Мақсатбек Мақсотұлы студенттерге қордың құрылымы мен жұмыстарын таныстырды. Арнайы слайд арқылы қор жұмыстарына шолу жасады. Осы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларға тоқталып, қорға түсетін зекет пен садақаларды өз мақсатында жұмсау жолдарын түсіндірді. Осы саладағы өзге елдердің жұмыстарымен салыстырып, қор қызметін оңтайландыру мәселелері жайлы да айтып өтті.

Студенттер де көкейлеріндегі сауалдарын қойып, зекет пен садақа төңірегінде шариғи білімдерін жетілдіре түсті.