Түркістан: Ақсақалдармен жүздесу өтті

0
221

Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының ғимаратында бірлескен алқалы жиын өтті.  

Жиынға облыс бас имамы Ержан Сматұлы, қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлы және Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Бахытбайұлы, ақсақалдар қатысты. Басқосуда Түркістанды рухани, өркениетті дамыған шаһар ету бағытында көтеріліп жүрген игі бастаманың орындалуы туралы сөз қозғалып, ашық талқылау жүргізілді.   

Түркі халықтарының рухани астанасына айналған киелі қаланы көпшілікке үлгі ретінде ұсыну мақсатында құмар ойындары мен алкагольді ішімдіктерден, зиянды әрекеттерден бас тартатын ортаға айналдыру керектігі айтылды.    

Сөз соңында тараптар қазыналы қариялармен сүбелі сұхбат жүргізіліп, өркениетті қоғам қалыптастыру бағытында бірлесе жұмыстар атқаруға уағдаласты.