«DINTELLECT» ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

0
144

Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық Жастар ісі секторы өкілдігінің ұйымдастыруымен «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті.

Айтулы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміровтар арнайы қатысып,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа ҚМДБ «Тауаф» қажылық компаниясының Шымкент қаласындағы жауапты өкілі Азамат Әбдікерімұлы,  Тұран ауданының бас имамы Ақтөре Тұрапбай және «Нұр-Мүбәрак» университетіне дайындық орталығының жетекшісі Ералы Есенгелдиевтер төрелік етті. Ал сайысты Шымкент қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы жүргізді.

Сайысқа 10 команда қатысты. Білім сайысында  дін мен дәстүр, шариғат, тарих, әдебиет, спорт т.б. бағыттар бойынша ауқымды сұрақтар  қамтылған. Сайыс қорытындысы бойынша  «Намыс» тобы бас жүлдені жеңіп алды. Ал екінші орынды «Ар-Рақиб» тобы алса, үшінші орынды «Болашақ» тобы иеленді. Жеңімпаз командаларға диплом және қаржылай сертификат табыс етілді.

Жеңіске жеткен команда республикалық «DINTELLECT» сайысына қатысады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі