Кім екенімді білмейсің бе?

0
221

Умауи халифаларының әміршісі Мұхаллаб бин Әбу Суфра Малик бин Динардың жанынан тәкаппарланып өте шығады. Сонда ғұлама оған: – Мына жүрісіңді Алла Тағала жақтырмайтынын білмеуші ме едің? – деді. Сонда әмірші Мұхаллаб: – Менің кім екенімді білмейсің бе? – деді. Ғалым: – Керісінше жақсы білемін. Сенің алғашқы қалпың болмашы тамшы су, ең соңындағы бейнең сасыған өлексе. Ал, сол екеуінің арасында боқ көтерген қапсың, – дейді. Тақуа ғұламаның бұл сөздері әміршінің жүрегіне барып дөп тиеді де, есін жиып: – Міне, менің нағыз бейнемді айттың, – деп мойындаған екен.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ