Шымкент қаласында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлының қатысуымени брифинг өткізілді.

0
128

Бүгін қаламыздағы ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, найб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлының, Төраға кеңесшісі Қойшиев Бижігіт Нұржігітұлының, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бижігітов Жандилла Мамытханұлының және Шымкент қаласының бас имамы Абдрахманов Бағдаулет Нұрматұлының қатысуымен брифинг өткізілді

 Брифингте 2024 жылы қажылық талаптарына енгізілген өзгерістер туралы ақпараттар айтылды. Келесі 2024 жылы қажылыққа ниет еткен жамағаттар үшін ресми 17 турфирма қызмет етеді. Сонымен қатар келесі жылғы қажылық маусымы өзгеше болады. Басты ерекшелік биыл желтоқсан айының соңына дейін 17 турфирманың біріне тіркелген азаматтар ғана қажылыққа бара алады. Себебі Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігінің талабы бойынша «Қажылық-2024» маусымына биыл желтоқсан айына дейін қажылар толық тіркелген елдерге қажылық орындары беріледі. Яғни, 15-20 желтоқсанға дейін қажылықтың электронды жүйесіне тіркеліп, сол жүйеден алынатын қызмет түрлеріне (қонақ үй, Мина мен Арафат қызметтері) қаражатын төлеген кісі санының көлеміне сай Қазақстан азаматтары үшін бөлінетін қажылық орындарының саны айқындалады.

Сондықтан қажылыққа ниеттенген адам аталған 17 турфирманың біріне ертерек жазылып қоюы тиіс. Әлі уақыт бар, үлгереміз деп немқұрайлы қарауға болмайды.

2024 жылы 17 туроператор қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қызмет көрсету құқығына ие болғаны жарияланды. Демек, конкурстан өткен 17 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.

Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Нұр-Қазақстан» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова и К» ТС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС. 

Аталмыш туроператорларға 20 желтоқсанға дейін азаматтардың қажылық орындарын брондап және осы туроператордың біріне тіркелуін жан-жақты насихаттау қажеттігі тапсырылды.