Шымкентте алғаш рет жас ғалымдар слеті өтті

0
173

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Шымкент қаласында «QazScience: жас ғалымдар слеті» ғылыми іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Шымкент әкімдігі мәлім өткендей, елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан басқосуға өңірдегі ЖОО басшылары, бизнес пен индустрия саласында жетістікке жеткен ірі өндіріс орындарының жетекшілері мен медицина, энергетика, нанотехнология, аграрлық, әлеуметтік және гуманитарлық саласының ғалымдары мен жас ғалымдар қатысты.