Дін бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі

0
140

Адамзаттың асыл құндылықтарының бірі – бейбітшілік пен татулық. Халықтың рухани өмірінде дәстүрлі діннің орны бөлек.  Дәстүрлі дін ұлт болмысымен байланысып, ел мәдениетінің бойындағы құндылықтарды сақтап, өрісін кеңейтіп отырған, елдің дәстүрі мен тарихын ұрпақ тарапынан қорғалып, сақталып келген.   Ислам діні конфессияаралық және ұлтаралық келісімді, рухани бірлігіміз бен сан ғасырлық адам құқығы мұрасын сақтау мен нығайтуға  ықпалы зор. Ислам өзге дін өкілдеріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарай отырып, олардың құқығын мұсылмандардың құқығымен тең дәрежеде ұстайды. Ғибадатханаларын қиратпауды, діндарларды өлтірмеуді, оларға қол жұмсамауды, мал-мүлкіне қол сұқпауды өсиет етеді. 

Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың бәрін бір мақсат пен ортақ мүдде біріктіріп, топтастырып, ауыз біршілігін күшейтіп отыр. Алайда, еліміздегі осыншалықты тындырымды тірліктерімізге кедергі жасап, түрлі іс-әрекеттерімен жұртшылықты, соның ішінде жастарды адастырып жүрген жат діни ағымдардың да барлығын айтуға міндеттіміз.

Қазіргі таңдағы үлкен мәселелердің бірі – жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай толған  түрлі сондай діни ағымдар десек те артық айтқанымыз емес.  Кереғар діни ағымдар қоғамға, ортаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсерін тигізіп келеді. Көптеген отбасылардың ажырасуы көбейіп, әр-түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде, қасықтап жинаған бақытты отбасыларды екіге айырлып жатыр. Қазақ даласында ханафи мәзһабы салт-дәстүрлерімізбен сабақтасып кең етек жайған. Қазақ осы мәзһабты ұстана отырып өзінің әдет-ғұрпын да сақтап, намазында оқи отырып,  оразасында ұстап, бәйгеде ат шаптырған. Бір Аллаға дұға ете отырып баласының тұсауын да кескен, Аллаға сәжде ете отырып, келініне құрмет ретінде сәлем де салдырған, азанын шақыра отырып домбырасын да тартқан. Осының бәрі ұлттық келбетімізді сақтап, дінімізді қорғау болып саналған. Біз шариғат пен дәстүрді сабақтастыра білген халықпыз. Солардың арқасында бізде ешқашан да діни алауыздықтар, келіспеушіліктер болмаған.  Кез келген мемлекеттің гүлденуі, өркендеуі,  бірінші кезекте экономикалық, табиғи рeсурстарына емес, ішкі тұрақтылығына, ауызбіршілігіне байланысты.

Мемлекет өте кедей болуы мүмкін, алайда айрандай ұйыған ауызбіршілік, ынтымақтың арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, өркениетті елдер санатына енеді. «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» демекші, қазақ халқының басына түскен талай қысылтаяң кездерде осы бірліктің арқасында жол тауып отырған. Келешегі кемел, жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үішін, білімді, көкірегі ояу, бәсекелік қаблетті жаһандық нарықта бағасы бар, сапасы жағынан өзгелерден ұтымды дүние ұсына алатын біртұтас халық ретінде қалыптасуға ұмтылғанымыз абзал.

         Кемеңгер Елбасымыз Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевта өз сөздерінде  ынтымақ, бірлік мәселелерін көтеріп, «Бірлік – біздің қасиетті туымыз» деп ұдайы көңіл бөліп келеді. Сондықтан бұл қасиетті ұғымдар біздің елдігімізді, мемлекеттігімізді көрсететін негізгі ұстанымдардың бірі болып табылады.

                                                              Н.Тойшиев,

                                                            Шымкент қаласының дін істері

                                                            басқармасы «Дін мәселелерін

                                                            зерттеу орталығы» КММ теолог

                                                            маманы.