Мемлекет пен дін қатынасының тарихы

0
182

«Мемлекет пен дін қатынасының тарихы»

Әлеуметтік, қоғамдық дамудың әрбір сатысында дін мен мемлекеттің арақатынасы өзгеріске ұшырап отырды. Тарихтың әрбір кезеңінде түрлі мемлекеттер «дін мен мемлекет арақатынасын» дұрыс сақтау үшін түрлі басқару формаларын қолданды.

Антика және Орта ғасырдағы басқаруды 3 типке бөліп қарастырамыз:

  • Шіркеудің басымдылығы, яғни қоғамдағы құндылықтар, заңнамалар мен басқару толығымен дінге байланысты, шіркеудің қолында болды;
  • Мемлекеттің басымдылығы, мемлекет барлығын өзі басқарды, дінді жоққа шығарды.
  • Шіркеу мен зайырлы билік.

        Әр типтің өзіне сай ерекшелігі, мықты және осал тұстары болды. Мысалы, шіркеу немесе мемлекет басымдылығы болған кезеңдерде теріс нәтижелердің болғандығын байқаймыз. Орта ғасырда Батыс Еуропада діннің маңыздылығына көңіл бөлініп, дін мемлекеттің ұстанымын анықтайтын рөлді атқарды. Мемлекеттік басқару, қоғамдағы қарым- қатынас, әлеуметтік мәселелер барлығы тікелей дінге байланысты болды. Дін заң қалыптастырушы, ал мемлекет дінді қорғаушы болды. Христиандық мораль мен этика азаматтарға мәдениет пен еуропалық өркениеттің негізі болған қоғамдық санаға моральдық құндылықтарды енгізді. Дегенмен, діннің басымдылық танытқан формасы теріс нәтиже берген еді.

17 ғасырда мемлекет пен шіркеу арасында өзара келісімнің болмауы дұшпандық көзқарастарға алып келді. Көптеген мемлекет басшылары, ұлт белсенділері, мысалы Вальтер, дінді жоюға шақырды. Дін адамзаттың дамуына кедергі келтіретін, «ұят» феномен ретінді көрсетілді. Француз рефолюциясы кезеңінде «гуманизм» орнады. Ертедегі шіркеулік басқару өзгеріске ұшырады. Егер оғане дейін барлығы діни шарттарға, діни үкімдерге байланысты болса, ендігі кезекте орталыққа «адам» қойылды. Адам өзінің еркі бар, жаратылыстың ең жоғарғы құндылығы ретінде қабылданып бастады.

Жоғарыда ескерілген, мемлекет басымдылық көрсеткен жағдайларда «дін» жоққа шығарылып бастады. Дін қызметкерлері қудалауға ұшырады, діни ғибадат орындары жаппай жабылды, белгілі бір діни сенімді ұстанатын адамдар бірден жазаланып немесе өлім жазасына кесіліп отырды. Ғалымдар мемлекет пен конфессияаралық қарым- қатынастың бұл түрінің адамзат тарихында теріс нәтиже бергендігін алға тартады.

Діни догмалар, қасиетті жазбалар, қасиетті мәтіндердің құқықтық тәртіпті, заңнамаларды, қоғамдық қарым- қатынасты қалыпатастырушы және реттеуші ретіндегі рөлі әлсіреді. Бұл жағдай өз кезегінде «зайырлылық тенденциясының» пайда болуына және дамуына алып келді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер «мемлекет пен конфессияаралық қарым-қатынасты» сақтау үшін мемлекттік басқаруда зайырлылық форманы ұстанады. Кейбір елдердің басқарылуы бүгін де діни пастулаттарға негізделген.

Мемлекет пен дін арасындағы қарым- қатынас тек басқару мәселесіне ғана байланысты емес, қоғамдық тәртіп, ғылым, білім, мәдениет, әлеуметтік мәселелерді де қамтитыныдығын ескеруіміз қажет.