Әлеуметтік желі радикализмнің басты ошағы

0
214

Қазіргі таңда қолға қару алып қандай да бір елге шабуыл жасау арқылы басып алу немесе отарлап алу ескірген әдіс әрі жабайылық деп баға беріледі. Қарумен емес ақпаратпен білім-ғылыммен шабуыл жасау керектігі 20-ғасырдың басында-ақ белгілі болды. Діни экстремизм мен терроризм-әлемдегі ең күрделі проблемалардың біріне айналды. Ұзаққа бармай-ақ, өткен ғасырдың жағдайында қандай да бір діни ілімді таратуға ұзақ уақыт пен қажырлы еңбекті талап ететін. Қазақ даласында алғаш білім ордасын ашқан Ыбырай Алтинсарин бабамыз өз өлеңінде былай дейді:

Өнер — білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып — жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Ал қазір жаһандану мен күн сайын дамылсыз қарыштап жатқан технологияның арқасында бір ауыз сөзің әлемнің бір бұрышына көз ілеспес жылдамдықпен жетуде. Терроризм жеке басына ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды емес еді. Лаңкестік әрекеттер интернет, әлеуметтік желі, медиа арқылы «жаһандық терроризм» атауын алды. Технология мен әлеуметтік медианың дамуы терроризмнің де ауқымын арттырды, террористік ұйымдардың да ісін жеңілдетті. Әлеуметтік желілер мен медианы өздерінің пайдалары мен мүдделеріне қолдана бастады. 2000-жылдан бастап террористңк ұйымдар интернет медиасына маңыз бере бастады. 2005-жылы сол кездегі Әл-Кайданың екінші адамы болған Әймән Әз-Зәркәуи сол кездегі Ирак Әл-Кайдасының лидері Йорданиялық Әбу Мусғаб-Зәркәуиге жіберген хатында: «Бұл соғыстың жартысынан көбі медиа майданында болуда»,-деген. Усама Бен Ладен: «Бұл ғасырда медиа соғысы-ең күшті әдіс-тәсілдердің бірі екені айқын.

Ақиқатына келгенде, жалпы соғыстар үшін жасалған барлық дайындықтардың 90 пайызы медиа соғысына тиесілі» деп айтқан болатын. Міне террористік топтар үшін медианың қаншалықты маңызға ие екенін білдік. Ал Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер «Бақ-терроризмнің оттегісі» деген мәлімдеме жасады. Түрлі «измдер» жалғанған топтардың мақсаттары қоғамды үркіту, қорқыту, қоқан лоққы жасау болғандықтан медиадағы хабарлар бір жағынан олардың пайдасына болды. Яғни идеологиялары мен мақсаттарының танылуына себеп болды. Медиа қаламаса да террористік ұйымдардың құралына айналып шыға келді. Медианың өміршеңдігі үшін, оқырмандар тарту үшін, қызметкерлерінің жалақысын тауып беріп кіріс көздерін арттыру үшін рейтинг пен сенсация қууды мақсаттарына айналдырды. Былай қарасаңыз, медиа мен террористік ұйымдар бір-бірін пайдалануда. Террористер идеологиясы мен мақсатын тарату үшін медианы, медиа оқырмандарын арттыру ұшін террористерді пайдалануда.

          ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМҒА МЕДИА НЕ ҮШІН КЕРЕК?

•         Пропагандаларын жасау үшін және көздеген бұқарасына қорқыныш тудыру үшін;

•         Өз мақсаттарын бұқараға таныту үшін;

•         Қауіпсіздік күштерінің кейбір іс-әрекеттерін құқыққа қайшы екендігін көрсете отырып, халықтың алдындағы абыройларын түсіру үшін;

•         Өздеріне симпатиясы болғандар мен қолдаушыларын арттыру үшін;

•         Ұйым мүшелерін мақсаттарына одан сайын тартып, адалдықтарын нығайту үшін және олардың

батылдықтарын арттыру үшін;

•         Ұйым ішінде өзара байланыс орнату үшін;

 •        Халықаралық аренада танымалдыққа ие болу үшін;

 •        Сырттан қолдаушыларды тару үшін.

Сондықтан да террористік ұйымдар өздерінің актілерін медианың ең көп жиналатын шараларында жүзеге асырады. Мәселен, саяси партиялардың сайлау алды агитация мен пропаганда кезеңдерінде, спорттық, халықаралық ұйымдардың шараларында.

ДАИШ (ИГИЛ) ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ МЕДИА

«The Soufan Group» ұйымы «Сириядағы шетелдік жауынгерлер» атты есебінде ең кемі 86 мемлекеттен 27-31 мың арасында адам ДАИШ-ке қосылу үшін Сирия мен Ираққа аттанған.

АҚШ агенттерінің 2015 (қыркүйек) жылғы мәліметі бойынша Сирияда 100-ден астам мемлекеттен 30 мыңнан артық «жауынгер» болған.

2014 жылы Батыс Еуропадан ДАИШ-тің қатарына қосылғандардың саны 2 мың 500 шамасында болса, 1 жылдан кейін барлық алдын-алу шараларына қарамастан бұл сан 5 мыңнан асып жығылған.

Норвегияның 6 мың ғана халқы бар шағын ғана Лислеби ауылынан 8 адам ДАИШке қосылу  үшін мемлекеттерін тастап кеткен.

Бұл мәліметтердің барлығы біздерге террористік ұйымның медиа арқылы пропогандасының қаншалықты күшті болғанын көрсетуде.

КИБЕР ХАЛИФАТ (CYBER CALİPHATE) – Кибер жиһад

Еуропа мен Америкаға: «Әлхамдулилляһ! Құрлықта да, интернетте де етек жайып келеміз. Мэссэджіміз Еуропа мен АҚШ-қа: Электрондық соғысымыз әлі басталмады. Қазірге дейін көргендеріңіз келешекте бастарыңызға келетін дүниенің тек басы ғана». ДАИШ-тің пропагандалық видеолары әлеуметтік желіде өте қарқынды жайылған. Өшірілсе де артынша басқа жолдармен қайта жарияланып отырған. Тіпті, өшірілгенге дейін бірнеше сағаттың ішінде жүз мыңдаған адамдар көріп үлгеретіндей жүйе жасаған. Тіпті, You-Tube және Goolge іздеу моторларында да қанға толы өнімдері іздеушінің алдынан дереу шығатындай жүйе құрып тастаған.

Электронды мүмкіндік – заманауи ақпарат алудың қайнар көзі. Солардың ішінде дұрыс таңдау жасай алу қауіпсіздігіміздің кепілі болмақ. Ең бастысы әлеуметтік желіге салқынқанды, сауатты қараған дұрыс. Әрбір ақпаратты ресми сайттармен салыстырып, өзгемен бөлісу алдымен өзіңіз үшін пайдалы. Ақпараттық кеңістікте діни мәліметтерді байыбына бармай алудан сақтанумыз керек.

Шымкент қаласы Дін істері басқармасы

Дін мәселелерін зерттеу орталығының

теолог маманы Сұлтан Әмірбек