Абай: РАНТ мүшесі студент жастармен кездесті

0
155

Абай облысына арнайы іссапармен барған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл қалалық Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономика колледжінің студенттерімен кездесті.

Жиын барысында ата-анаға құрмет, ұлтқа қызмет, отансүйгіштік, дін мен дәстүр сабақтастығы, діни сауатты болудың маңыздылығы сынды тақырыптар сөз болды. Кездесуге жиналған шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мол мағлұмат алды.