«Әзірет Сұлтан» мешітінде жанұялық кеңес беру орталығы ашылды

0
131

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде отбасылық мәселелерге қатысты «Жанұялық кеңес беру орталығы» өз жұмысын бастады.

Орталықтың негізгі мақсаты – отбасылық кикілжіңдердің шешімін көрсетіп, ажырасудың алдын алу, жанұя жарасымдылығына қол жеткізу жолдарын насихаттау.

Жанұялық кеңес беру орталығының алғашқы келушілерін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы өзі қабылдап, отбасы бақыты жайында насихат жүргізді. Қабылдау соңында арнайы неке қию рәсімі жасалып, екі жасқа ізгі тілегін білдірді.