Абай аудандық имамдары 2024 жылдық жұмыс жоспарын пысықтады ByРедакция

0
64

Бүгін ҚМДБ – ның Шымкент қаласы, Абай аудандық «Темірші Ата» мешітінде 2024 жылғы жұмыс жоспарын таныстыру жиыны өтті. Жиын басында Батырхан Қари Қасиетті Құран аяттарын оқып Мұсабек Ақтамберді Ағамыз Дұғасын жасады. Аудан имамы Жәміш Бердалы ауданға жаңадан бекітілген Азамат Әбдікерімұлын таныстырды. Азамат Әбдікерімұлы өз кезегінде қала Бас имамының күн тәртібінде бекіткен бір неше мәселелерді баяндап нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды. Аудан имамы Жәміш Бердалы ауданға кураторлық еткен Мұсабек Ақтамберді ағамызға аудан имамдары атынан рахмет айтып иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Абай ауданы имамдары бір ауыздан ақылдасып ауданға бір неше жылдан бері аудандық имам қызметін атқарып жүрген Жәміш Бердалы ағамызға құрметін көрсетіп шапан жапты.