Жамбыл: Облыс бас имамы аудан имамдарын жеке қабылдады

0
55

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірге қарасты қала және аудандардың бас имамдарына жеке қабылдау өткізді.

Бас имам әр ауданның діни ахуалына қатысты мәселелерді талқылап, жай-күйіне қатысты шешімдер ұсынды. Қабылдауға аудандарға жауапты кураторлар да қатысып, сол өңірдің игілігі үшін атқарылатын жұмыстарды, имам-молдалардың жағдайы, жамағат ауызбіршілігін тілге тиек етті.

Бас имам әр ауданның бас имамына нақты тапсырмалар жүктеп, қандай мәселе болмасын қолдау көрсететінін жеткізді.