Қызылорда: Еңбек адамдарына көмек көрсетілді

0
85

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облыстық өкілдігі ұйымдастырған кезекті «Жылу сыйла» акциясы аясында 100 еңбек адамына көмек көрсетілді.

Нақтырақ айтар болсақ, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен игі шарада Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы «Қызылорда тазалығы» қызметкерлерімен кездесіп, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, шаһардың сән-салтанатын сақтауға қосып жүрген елеулі үлестері мен адал еңбектері үшін алғыс білдірді.

Сөз соңында қасиетті үш айдың келуімен құттықтап, жергілікті кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен дайындалған азық-түлік қоржындарын табыстады.