Алматы облысының имамдарына Құран курсы басталды

0
88

Алматы облысындағы діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында жергілікті имамдарға арналған 2 айлық Құран курсы өз жұмысын бастады. 

Облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен жергілікті дін қызметкерлеріне 3 деңгей (2, 1 және жарты пара) бойынша дәрістер өткізілетін болады.

Атап айтқанда имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.