Қалыңдықтың төрт сипатына қарап үйленеді

0
182

Әбу һурайрадан (p.a.) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Әйелдің төрт нәрсесіне қарап некелеседі: мал-мүлкіне, тегіне, сүлулығына және діндарлығына. Сен мүмкіндігің барынша діндарды таңда».

Хадиске түсініктеме:

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) үйленетін жас жігіттерге әрдайым сыртқы сүлулықтан гөрі ішкі жан дүниенің сүлулығына қарауды өсиет еткен. Өйткені жанның сүлулығы ескірмейді, әрі нағыз сүлулықтың өзі болып есептеледі. Ал сыртқы келбет көп уақыт өтпей гүл секілді солып, өз кейпінен айырылады. Әдемілігі танданарлықтай дәрежеде болса да, күндердің күнінде қараусыз хәлге келеттіндіктен шынайы бақытқа жеткізе алмайды.

Хазіреті Пайғамбардың үйленетіндерге айтқан өсиеттерінің бірі: «Әйелдердің сүлулығына бола некелеспеңдер. Оның сүлулығы мінезінің өзгеруіне алып баруы мүмкін. Оларға дүние-мүлкіне бола үйленбеңдер, дүние-мүлік оларды азғындыққа соқтыруы мүмкін. Әйелдерге діндарлығы үшін үйленіңдер. Жыртық киімді қара әйел болса да діндар әйел әлде қайда артық».

Әйел кісі де еркісінің бойынан діндарлық сипатын іздеу керек. Пайғамбарымыз бұл түрғыда: «Сендерге діні мен мінезіне көңілдерің толарлық ер жігіт қыз сүрап келсе, оған қыздарыңды беріңдер. Егер бүлай істемесеңдер жер бетін жанжал жайлайды. Сонда бір сахаба:

-Уа Алланың елшісі! Егер ол кедей әрі тексіз болса да ма? – деп сүрағанда Хазіреті Пайғамбар:

– Сендерге діні мен мінезіне көңіл толарлық ер кісі қыздарыңды сүрап келсе, қыздарыңды беріңдер» деп үш рет қайталады.

Хазіреті Хадиша Хазіреті Пайғамбарымызбен (с.а.у.) жесір ретінде түрмыс қүрса да оған дүние-мүлкімен жәрдем беріп, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) өмірінде үмытылмастай із қалдырған. Оған деген сүйіспеншілігінің күштілігі соншалық, тіпті онымен сөйлесуге рүқсат сүрап келген Хуәйлидің қызы Халаның даусын естігенде, оның даусын Хазіреті Хадишаның даусына ұқсатып қуанғанынан түла бойын еріксіз діріл билеген екен.

Хазіреті Айша оның бүл әрекетін қызғанып, «оны неге мүншалықты төбеңізге көтересіз?» дегенде, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) оның бүл сөзіне ашуланып, Хазіреті Хадиша жайлы: «Мен оны өте жақсы көремін» деп Хазіреті Хадишаның жан дүниесінің сүлулығын өз жанында қалдырған.

Шымкент орталық мешіті