Қасиетті үш ай атты рухани кеш өтті

0
67

Шымкент қаласы, Орталық мешіті және  «SAFA» ханымдар орталығының ұйымдастыруымен, «Қасиетті үш ай»  тақырыбында рухани кеш болып өтті.
Рухани кеште, Мұсылмандар күнтізбесіндегі қасиетті үш ай жайында, Ұстаздар, яғни қалалық орталық мешіттің ұстазы Айжарқын Түзелова және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан уағыз насихат айтса, Аллаһ Тағаланы ұлықтайтын жыр шумақтары осы орталықтың шәкірттерінің орындалуында оқылды. Жан тебірентер көріністер көрсетілді. Көріністі арнайы театр әртістері ойнады.
Сонымен қоса Құранға түскен 20 шәкіртке тәж кигізу рәсімі болды.«SAFA» ханымдар орталығының ұйымдастыруымен «Білім ал да-Умра ұтып ал» марафонының жеңімпазы анықталып, Умраға жолдама табысталды.
Рухани кештің өтілуіне себепкен болған Ұстаздар қауымына және бас демеуші Салтанат Пайзуллақызына өз рахметімізді айтамыз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі