«Қажының рухани келбеті» құжаты таныстырылды

0
82

Бүгін, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасын насихаттауға арналған қажылық дәрістері ұйымдастырылды.

Курс жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов оң бағасын беріп, тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. Қажылық дәріс беруге қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы қаладағы Шымкент орталық мешіті, «Исамиддин баба», «Ордабасы», «Байғұт баба», «Әл Біләл», «Қождан ата» мешіттерінде арнайы курстар өткізілді.  

Айта кетсек, дәріс барысында жамағатқа түсінікті болуымен үшін Қағба макеттер және ихрам киімін байлау т.б. көрнекілік құралдары пайдаланылды.

Жалпы, қажылық және ұмра қажылық дәрістері апта сайын қала бойынша 6 мешітте өткізіледі. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі