ШЫМКЕНТТЕ МАРҚҰМ УБАЙДУЛЛА ИМАМДЫ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

0
81

Бүгін ҚМДБ-ның «Ізгі қоғам» бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Сайрам» мешітінде осы Сайрам аулында 40 жыл көлемінде имамдық қызмет атқарған ұстаз бүгінде марқұм Тәжіметов Убайдулла имамды еске алуға арналған рухани шара ұйымдастырылды.

Жарысқа Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамдары Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаевтар арнайы қатысып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді. Және бар ғұмырын асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосқан ұстаз Убайдулла Тәжіметов өмірі мен қызметі туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ, рухани шараға Шымкент қаласы бас имам кеңесшісі Бекайдар Әміре, дінтанушы Қалиолла Маджанов, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов т.б. азаматтар қатысты.

 Жалпы жарысқа 38 жас шәкірттер қатысты. Жарысқа Салахиддин Мұхиддинов, Әлішер Мадумаров, Сухраб Шадмат, Құдайбергенов Ұлықбек қари-ұстаздар төрелік етті.

Қатысушылар үш аталым негізінде жарысқа түсіп,  жарыс нәтижесі бойынша:

30-шы пара:

1-орын:Абдулла Бахадирханов

2-орын:Абдулазиз  Юлдашқұлов

3-орын: Әбдуахаб Нәбижанов

Жарты пара бойынша

1-орын: Абдрахман Абдумавланов

2-орын: Мұхаммед Юлдашқұлов

3-орын: Абдулазиз Нәбижанов

Мәнерлеп оқу бойынша:

1 -орын:Сарвар  Махаматов

2-орын: Біләл Нәбиев

3-орын: Жамалхан  Мақсатханов

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған рухани еске алу шара барысында Тәжіметовтар әулеті діни басқарма басшылығына, өкілдік қызметкерлеріне ризалық білдіріп, алғыс айтты.

Айта кетсек, жарыс нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға алғыс хат пен  қаржылай сыйлықтар табысталды. Мұнымен қатар, марқұм Тәжіметов Убайдулла имамды еске алуға арналған рухани шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізелетін болып шешілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі