Ақтөбе: Мешітте «Бас имам сағаты» өтті

0
61

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының қатысуымен жамағатқа «Бас имам сағаты» өтті.

Шараның басты мақсаты – Рамазан айының кіруімен қоғамда оразаға қатысты туындайтын көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген түйіткілді мәселелердің шешімін табуға жәрдем ету. Нұрлыбек Шакизадаұлы жамағаттың 40-тан астам сауалына нақты дәлелдермен, тұшымды жауап берді.

Рамазан айына дайындықтың ең үлкені – білім ізденіп, жасап жатқан құлшылықтарымызға қатысты, оны бұзып-бұзбайтын әрекеттер мен дұрыс атқарылу жолдарын сауатты орындауға қатысты мәселелерді білу. Сондықтан әрдайым діни сауал туындаған жағдайда арнайы мешіт имамдары мен ұстаздарынан жауап табуға шақырамыз!