Кереғар діни ағымдардың тұрғындарға әсерін бағалау

0
460

Еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығын нығайту жолында, діни ахуалдың маңызы ерекше. Себебі, дін – қоғам тұрақтылығының ең негізгі факторларының бірі! Сол себепті, қаламыздағы діни ахуалға байланысты түрлі тақырыптарда әлеуметтік зерттеулер жасап, мониторинг жұмыстарын ұдайы жүргізуді қажет етеді.

Діни ахуалды тұрақтандыру үшін ең алдымен қазақ халқының әуелден ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам дінін, оның ішінде Ханафи мазхабы мен Матруди ақидасын мықтап ұстанып, кереғар діни ағымдардан сақтануымыз тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  қала тұрғындарына кереғар діни ағымдардың әсерін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама, фокус-топтық зертеулерді үнемі жүргізіп отырады. Әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ескерсек, қазіргі уақытта қала тұрғындарына кереғар діни ағымдардың ықпалы айтарлықтай байқалмайды. Әсер ету жағдайы бар бірақ, өте баяу. Кереғар діни ағымдар қала тұрғындарына өздерінің кереғар діни идеологиясын ең біріншіден ғаламтор арқылы әсер етуге тырысып бағуда. Түрлі әлеуметтік желілерде (инстаграмм, тик-ток, телеграм және ВКонтектеде) шетелдік деструктивті діни ағымды уағыздаушы лидерлердің діни уағыздарын насихаттай отырып, халық арасында  дінараздық мәселлерді туғызуды мақсат етеді. Сондай-ақ, әлеуметтік зерттеулер барысында қала тұрғындарынан кереғар діни ағымдардың тұрғындарға әсер ету ықпалының бірі – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында өздеріне тарту яғни, сауда орталықтарына жұмысқа тарта отырып, өздерінің діни идеологиясын насихаттап, қатарларына қосу. Дегенмен осы аталған мәселелердің алдын алу, кереғар діни ағымдардың қала тұрғындарына ықпалын жою мақсатында ғаламторға, әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Инстаграмм, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде деструктивті діни ағым идеологиясын насихаттаушы аккаунттар мен қауымдастықтардың парақшаларын бұғаттау немесе оларға ескерту хабарламаларын жүргізу. Сондай-ақ, қаланың жұмыссыз тұрғындарын оның ішінде жастарды жұмыспен қамтудың барлық мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс хаттар жіберіліп отырады.

Әлеуметтік желілерден діни ақпарат алуда сақ болуға, сенімді ақпарат көздерін нұсқау мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог мамандары тарапынан орта және жоғарғы оқу орындарына, түрлі мекемелерге түсіндіру жұмыстары жасалынып отырады.

Жалпы, тұрғындарға кереғар діни ағымдардың ықпалын жою немесе кедергі келтіру үшін, халыққа діни иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті және ұлттық құндылықтарымызды сіңіру маңызды болып табылады. Соның нәтижесінде кезкелген кереғар діни ағымға қарсы оның бойында иммунитет пайда болады.

                                               Б.Жүнісов,

                             Шымкент қаласының дін істері

                                               басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу

                                                         орталығының» әлеуметтанушысы.