Ақтөбе мешіттерінде ауызашарлар берілді

0
102

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. 

Демеуші жандардың қолдауымен әр мешітте күнделікті 100-150 жанға арналып жайылатын тегін ауызашар дастарханы Рамазан айы бойы жалғасын табады. Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа имамдар құттықтау лебіздерін білдіріп, Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде насихат айтты.

Сонымен қатар имамдардар әр ауызашар басқосуында ораза жайында қажетті мағлұмат беріп, жамағат үшін пайдалы кеңестерін бөлісіп келеді. Одан өзге әр ауызашарда қасиетті ай туралы «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылып, «Оразаға қатысты 150 сұрақ», Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты т.б кітаптар белсенді қатсушыларға тарту етілді.