Шымкент: Қарттар үйінде «Ізгі қоғам» имандылық кітапхана бұрышы ашылды

0
60

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының биыл жолдаған Бағдарлық баяндамасына орай «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау және Діни басқарманың «Ізгі қоғам» бағыты аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігіның ұйытқы болуымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де «Ізгі қоғам» рухани имандылық кітапхана бұрышы ашылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам әрі «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, аудандық «Дін мен дәстүр» бағытының маманы Ержігіт Мамытұлы, қалалық жастар ісі секторы ұстаздары, Қалдыкүл Бекжанова жетекшілік ететін қалалық «Әжелер» мектебінің апа-әжерелері қатысты.
«Негізгі мақсат – аталмыш мекемеденгі зейнеткер ата-әжелеріміз қол бос кездеріне кітапханадан руханият, дін мен дәстүр т.б. құндылықтар жөнінде жазылған кітаптарды алып оқуына болады. Алдағы уақытта «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптармен толықтырылады», – дінтанушы Мұхамеджан Естеміров.

Айта кетсек, қарттар үйінде ашылған «Ізгі қоғам» рухани имандылық кітапхана бұрышына «Muftiyat» баспасынан жарық көрген ҚР Дін істер комитеті мен ҚМДБ-ның сараптама комиссиясының оң қорытынды алған кітаптар мен «Иман» журналы мен «Мұнара» газеттері тапсырылды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында мекеме басшысы Шарбан Оразәліқызы шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлына алғыс айтып, ризалық білдірді.