ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!

0
72

Талғат Әсембай, ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе колледжінің директоры

 Барша қауымды мүбәрак Рамазанның, оның ішінде қасиетті Қадір кешімен шын жүректен құттықтаймын!

         Қасиетті Құран Кәрімде: «Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» («Қадір» сүресі, 1-5-аяттар). Құранның «Қадір» сүресінде бұл айдың мың айдан қайырлы екендігі кеңінен айтылған.

         Айтулы рухани кеште ғибадат етіп, қайырымды амалдар жасапа, кешіріммен қарап, жағдайы төмен отбасыларға қолұшын беру қажет.

         Қасиетті Қадір түнінде тілеген тілектерімізді Алла Тағала қабыл еткей! Ел аман, жұрт тышын болсын! Әмин!