Ақмола: Ораза айтта 100 адамға қаржылай көмек берілді

0
173

Қасиетті Рамазан айының тағылымы өте мол. Адамдар ораза ұстап, Алланың разылығын алады. Жан басына пітір садақасын беріп, саулығына қам жасайды. Міне, осы пітір садақа мұқтаж жандарға берілсе сауабы көп. Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінің ұйытқы болуымен Ораза айт құрметіне жүз адамға әрқайсысына 25 мың теңгеден қайырымдылық жасалды.

Аймақ бас имамы Қуаныш Сәбит пітір садақаның мұқтаж жандарға берілгені дініміздегі ізгілік пен мейірімділіктің бір көрінісі деді. Осы қайырымдылық шараға «Ақмола-Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы Жабал Ерғалиев пен Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев қатысты.