ҚАЛАДАҒЫ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРДЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
83

🔷Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендерді абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.
🔷Бүгін, аталмыш экологиялық акция аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты 92 мешіттің ауласын қоқыстан тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Тазалау жұмыстарына жалпы саны 300 ден аса азаматтар мен азаматшалар қатысты.
🔷Қаламыздың көркеюіне үлес қосу, қоршаған ортамызды қоқыстан тазарту, тазалықты сақтау әрбіріміздің басты міндетіміз.
#shymkent#shymkentdin#akimatshymkent#religia#din_isteri_basqarmasy#2024