Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің студенттерімен кездесіп, «Радикалды діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында лекция оқыды.

Алдымен кездесу басында медресе директоры Құлмұхаммед Пірманұлы шәкірттерге Дін істері жөніндегі басқарма қызметінің маңыздылығын түсіндіріп берді.

Өз кезегінде Нұрлан Медсантұлы радикалды діни  ағымдардың қауіпті екендігін айтып, шәкірттерді осы мәселеде сақ болуға шақырды және түсіндірмелік жұмыстарды жүргізу мен профилактикалық алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *