Алматы өкілдігінің жылдық жоспары негізінде «Зияткер имам» құжаты бойынша қала имамдары арасында интеллектуалды білім сайысы өткізілді.

Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінде өткен білім сайысында имамдарға діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң аясында және дін мен мемлекет арақатынасы жайында сұрақтар қойылды. Фикһ, ақида мәселелерінде Ханафи мәзһабындағы жиі қойылатын сұрақтар, сонымен қатар діни сенім бойынша сұрақ-жауаптар алмасты. Үш топқа бөлінген имамдар өз топ атауы бойынша тест сұрақтары мен діни тұлғалардың еңбектері, өмір жолынан мәліметтер келтірді. Өз талаптары мен ережелері негізінде өткен интеллектуалды сайыс қорытындысында белсенділік танытып, жүйрік шыққан имамдар тобындағы жүлде иелеріне қаржылай сыйақы табысталды.  

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *