Астанадағы «Al-Fattah» мешітінің «Айбике» қыз-келіншектер клубы «Балақарағай» демалыс орнында мешіттің әйел шәкірттерін марапаттау кешін өткізді.

Рухани кешке «Al-Fattah» мешітінің бас имамы Бағдат Абдукаримов және ақ жаулықты әжелер мен қыз-келіншектер қатысты. Атап айтсақ, Құран үйреніп жүрген, Құранға енді түскен және Құранды мәнерлеп оқу бойынша дәріс алған 80 шәкірт мешіт тарапынан арнайы марапаттаулар мен сертификаттарға ие болды.

Сондай-ақ, әртүрлі рухани бағытта қызықты эстафеталық ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Әннен шашу шашылып, күй күмбірлеп рухани кештің одан әрі көркін аша түсті.

Кеш соңында қатысушылар ұйымдастырушы мешіт ұжымына, атап айтсақ, «Al-Fattah» мешітінің бас имамы Бағдат Абдукаримовқа және «Айбике» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Зарина Шамидуллақызы мен барша атсалысқан жандарға өз ризашылықтары мен алғысын білдірді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *