Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық бас мешітте Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты.

«Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мереке. Себебі баланың қуанғанынан, оның шат күлкісінен артық ештеңе жоқ. Біз үшін балаларымыздың болашағы маңызды. Өйткені олар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын нағыз кемел ұрпақ. Сондықтан оларға сапалы білім, жақсы тәрбие беру – бізге міндет.

Біз «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» деген Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзін көкейіне мықтап түйген, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ұстанымға мықтап бекінген халықпыз.

Бабаларымыз бұрыннан Құдайдан қорқатын перзент тәрбиелеп, балаға ең алдымен имандылық тәрбиесін сіңіруді көздеген. Себебі Алланы таныған салиқалы перзент ата-анасын қадірлейді, қоғамда орны бар өз ісінің маманына айналады. Бүгінгі балдырғандарымыздың мерекесі құтты болсын. Қуанса, бала қуансын» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, мерекелік шарада ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке келуші жамағаттың балаларына, әртүрлі жастағы бүлдіршіндерге тәттілер мен сыйлықтар тарту етті.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *