Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Иордан Хашимит Корольдігіндегі жұмыс сапарын осы елдегі уақытша сенімді өкіл Асқар Сапарұлымен кездесуден бастады.

Делегацияны жылы қабылдаған Асқар Сапарұлы құрмет көрсетіп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ Елшіліктің қазіргі тынысын баяндап, сапардың бағдарламасы да сөз болды.

Бас мүфти өз кезегінде алғысын білдіріп, осы елдегі жұмыс сапарының жайы мен Діни басқармадағы іргелі істерге тоқталды.  

«Делегацияға көрсеткен құрметіңіз үшін алғыс білдіремін, Біз өз саламыз бойынша әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттерімен тығым байланыстамыз. Жер шалғай болса да бізді ортақ Ислам діні біріктіреді. Астанадағы Иордания Елшілігімен де қарым-қатынасымыз жоғары. Менің Иордан Хашимит Корольдігіне тұңғыш сапарым. Мақсатымыз байланыс орнатып, екі ел арасын жақындата түсу. Әрине бұл елде де біздің шәкірттеріміз білім алуда. Олармен де кездесу жоспарда тұр. Сондықтан осы сапар аясында бірнеше бағыттар бойынша келіссөздер өткізіп, байланыс орнатпақпыз» деді Бас мүфти.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Уақытша сенімді өкілге кәдесый табыстады.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *