Бүгін ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бағыты бойынша Шымкент орталық мешітінде 2024 жылғы балаларға арналған «Имани жаз – 2024» атты жазғы діни сауат ашу курсының ашылу шарасы  ұйымдастырылды.

Курс жұмыстарын ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, шаһар бас имамының орынбасары дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова және ұстаздар қатысып сәттілік тіледі.

Ал курс жұмыстарын Нұрсұлтан Мамедалиев, Бекжігіт Аман, Әли Анарқұлұлы, «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Балжан Досжанова және Ақжарқын Түзелова бастаған ұлағатты ұстаздар  дәріс жүргізуде.

Курс барысында ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімі тарапынан әзірлеген «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде дәріс өткізіледі.

Жалпы, бүгінгі таңда қала бойынша 93 мешітінде күндізгі діни сауат ашу курстары ұйымдастырылады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *