Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Мұра» және «Мұрақ» кітаптарының тұсауксер шарасы өтті.

Танытым шарасына шаһар бас имам орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, ақсақал имам Бекайдар Әміре, Дүние жүзі халықтарының жазушылар одағының төраға орынбасары Тұңғышбай Төрекелді, жазушы Исақ Сарманбай,  жазушы Нұрхан Сұлтанбай және Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениті университетінің ұстазы, дінтанушы Азамат Жамашев, Жомарт Дорбетхан және зиялы қауым өкілдері мен мешіт жамағаты қатысты.

Игі шара аясында Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениті университетінің ұстазы, дінтанушы Азамат Жамашевтың «Мұра» және «Мұрақ» кітаптарының танытымы ұйымдастырылды. Қатысушылар кітап жөнінде ой-пікірлері ортаға салды.      Рухани кездесу шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Жалпы, қатысушылар «Мұрақ» кітабынан қазақ хандығы тұсындағы Ислам діні жөнінде мол мағлұматтарға қанық болды. Ал «Мұра»  еңбегінде Пайғамбарымыздың хадистерінде түрлі тақырып бойынша айтылған қағидалары баян етілген.  Кітап оқырманы көп болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы  бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *