Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үш күндік жұмыс сапарымен Иордан Хашимит Корольдігінің астанасы Амман қаласына келді.

Әуежайдан Діни басқарма төрағасы бастаған делегацияны Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі уақытша сенімді өкілі Асқар Сапарұлы мен Иордан мүфтиі Ахмед Ибраһим әл-Хасанат мырза қарсы алды. Ең алдымен Бас мүфти бастаған делегацияны жылы қабылдап, ілтипат көрсетті. Иордан мүфтиі сапар жайын талқылап, жоспарн бөлісті.

Айта кетейік, Бас мүфти жұмыс сапары аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, бірнеше бағытта әріптестік орнату көзделуде.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *