Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының  Иорданиядағы жұмыс сапары осы елдің Жоғарғы шариғи сот төрағасы мәртебелі шейх Камал әл-Саммадимен кездесуге жалғасты.

Кездесуде тараптар екі ел арасындағы діни-рухани саладағы байланыстарды жақсарту, өзара тәжірибе алмасу, терең діни білім бағытындағы әріптестік қарым-қатынастарды тереңдету жағы сөз болды. ҚМДБ Төрағасы ең алдымен жылы қабылдап, қонақжайлық танытқан Жоғары мәртебелі мәртебелі шейх Камал әл-Саммади мырзаға
алғысын білдірді.

«Иордан еліне жасаған алғашқы сапарым өз жемісін беруде. Бірқатар маңызды кездесулер өткіздік. Оның ішінде Өзіңізбен терең танысып, алдағы уақытта жан-жақты байланыс орнатуға дайын екенімді жеткіземін. Біз бұл жолы Иордания Хашимит Корольдігімен бірнеше бағытта байланыс әрі достық көпір орнату үшін арнайы келіп отырмыз. Бұл елде де біздің студенттеріміз білім алуда. Олардың да білімі, осы елдегі жағдайы бізді алаңдатады. Сондықтан әр тараптан байланыс орнату біз үшін маңызды. Сіздер тарапынан көрсетілген құрмет үшін алғысымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесуде сондай-ақ екі ел арасындағы діни туризм, тәжірибе алмасу, пәтуа беру салалары бойынша әріптестік орнату жайы сөз болды. Бас мүфти дәстүрге сай елдің сәлемін жеткізіп, кәдесый табыстады.

Айта кетейік елде 77 шариғи сот орны, 300 қызметкер бар. 

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *