4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздері күні елордада рухани-танымдық «ALQA» радиосының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, игі бастамаға сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орайластырылған салтанатты шарада «ALQA» радиосының тұсауын Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербай, алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова кесті.

Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығында өткен шараға мәслихат депутаты Қанат Естек, Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқали, белгілі телерадио дикторы Зейін Әліпбек, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми орталығының басшысы Жабай Қалиев, театр және кино актері Әділ Ахметов, қолөнер шеберлері Асхат Бозымбай мен Гауһар Қанатбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетсек, «Alqa» радиосы Астана қаласы әкімдігінің қолдауы мен Дін істері жөніндегі басқарма басшылығының ұйытқы болуы негізінде ашылып отыр. «ALQA» радиосының негізгі мақсаты – Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, мемлекет құрушы қазақ халқының төл дүниетанымы мен тұрмыс-салтын, салт-дәстүрін шынайы түрде насихаттау, отандық және шетелдік радиотыңдармандарға Қазақ елін бейбітсүйгіш мемлекет ретінде таныту, ел азаматтары мен елорда тұрғындарын ізгілік пен имандылыққа шақыру, қазақтың бай музыкалық мұрасы арқылы ұлтымыздың рухани кеңістігін сапалы дүниелермен қамту. «ALQA» интернет радиосы өзінің рухани-ағартушылық бағыттағы хабарларын тікелей эфир және таспа түрінде, аудио және кәсіби видео түсірілімдер арқылы таратады.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *