Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иордан Хашимит Корольдігіндегі жұмыс сапары аясында Амман қаласындағы ІІ Абдулла атындағы имамдар мен уағызшылар дайындайтын институт директоры Абдусаттар әл Қада мырзамен кездесті.

Кездесуде институт директоры орталықтың жұмысына тоқталып, жоспарымен бөлісті. Бас мүфти мұндай айтулы орталықтың керек екенін әрі имамдардың білімін әркез жаңарту маңызды қадам деп атап өтті.

Кездесу соңында тараптар болашақта екі ел арасында имамдар мен уағызшылардың білімін жетілдіруге қатысты ортақ жобаларды қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік кездесуге сонымен қатар Әһлүл Кәһф мешітінің имамы Муғтасим әл Хунейти де қатысты.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *