Семей қалалық Әлихан Бөкейхан университетінің конференц-залында Абай облысы имамдарының 2024 жылғы Құрбан айтқа байланысты кеңейтілген жиыны өтті.

Шараға Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы, қалалық мешіт имамдары мен Абай облысына қарасты аудан имамдары қатысты. Сондай-ақ, Абай облысы Дін істері басқармасының басшысы Сейілбек Абиурұлы да алқалы жиынға қонақ болды.

Бұл жиында мұсылман қауымының ұлық мерекесі, әрі, халқымыздың салтына сіңген Құрбан айт мерекесін лайықты түрде өткізу мәселелері талқыланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан биылғы жылғы Құрбан айтқа қатысты бекітілген жұмыс жоспары таныстырылып, соған сәйкес тыңғылықты жұмыс атқару тапсырылды.

Атап айтқанда, Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын жүргізуден бастап, мешіттер мен көшелерге Құрбан айт мейрамымен құттықтау баннерлерін ілу, жергілікті әкімшіліктермен келісе отырып, санитарлық талаптарға сай қасапханалар дайындау, мал бағасының шектен тыс көтеріліп кетпеуі үшін тиісті шараларды қабылдау, Құрбан айт күндері сойылған мал еттерін сақтау пункттерін ашу, қасапшыларға арналған семинарлар өткізу, «Раббың үшін Құрбан шал» акциясын өткізу, құрбандық шалуға онлайн тапсырыстар қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру, құрбан шалуға қатысты тиісті ақпараттарды халыққа алдын-ала видеороликтер, электронды нұсқамалар түрінде тарату, арнайы «Пәтуа сағаттарын» өткізу, құрбандық еттерін жинап, мұқтаж отбасыларға тарату істеріне еріктілерді жұмылдыру, сондай-ақ, Құрбан айт күндері мешіттердің ауласында қайырымдылық жәрмеңкелері мен ұлттық дәстүрімізге сай спорт түрлерінен сайыстар өткізу, Айт намазының уақытын бірізділікпен белгілеу және т.б. сынды мәселелер сөз болды.

Сонымен қатар, Асқар Әбітайұлы жиынға қатысушы имамдарға ҚМДБ тарапынан бекітілген «Мешіт имамдарының неке қию тәртібі» атты құжатты таныстырып, мешіттерімізде қиылатын некелердің аталмыш құжаттың аясында жүргізілуі қажет екендігін ескертті.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *