Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық «Амина бибі» мешітінде «Жамбыл» ауылының 95 жылдық «Ауылға ізет – Ауылым алтын бесігім» атты мерейтойы және осы ауданда ширек ғасыр имамдық еткен, ұлағатты ұстаз марқұм Нұрсайдов Амантай Есенбекұлын еске алуға арналған  діни сауат ашу курстары арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа арнайы Шымкент қаласының бас имамы орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Мырзақұл ата» мешітінің имамы Уалихан Әбусуфиянұлы, «Амина бибі» мешітнің имамы Нұрғали Түзелбайұлы төрелік етті. Жалпы жарысқа 100 шәкірт арасынан іріктеліп алдынған  20 шәкірт қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша: 1-орын:Қуандық Қасым. 2-орын:   Бақтияр Махмудқожа. 3-орын: Жаңқара Саят иеленді. Жарыс нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға алғыс хат және сыйлықтар табысталды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа қалалық «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова, Айбек Азимбаев, Абдуайт Азиз, Елнұр Орынбекұлы, Азамат Қанатұлы, Шахриер Шахайдаровтар демеушілік көрсетті. Алла Тағала разы болсын!

Ауылдық мешітте жоғары деңгейде тұңғыш ұйымдастырылған жарысқа Жамалбек Үсіпұлы, Кешубай Сейдалыұлы, Бахыт Қалтұрсынұлы ел ағалары қатысып, діни басқармаға алғыс айтып, ризалықтарын білдірді. Бұл жарысы жыл сайын өткізілетін болып шешілді.

Игі шара «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша әрі қарай жалғасып тауып, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізіліп, барша жиналған жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *