ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Қор басшысы сапарын Сарыағаш ауданындағы қайырымдылық мекемелерді құжаттандыру жұмысынан бастады. Облыс имамы Ержан қажы Төлепов аудан көлемінде орналасқан талапқа сай болған ғимараттарды таныстырды. Басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы қайырымдылық мекемелерге жауапты қызметкерлерге құжаттандыру мәселесін және мекеме ережелері жайлы түсіндірді.

Бұдан кейін Ардақ Оразбай іссапармен Жетісай және Мақтаарал аудандарына барды. Сапар барысында Түркістан облысының бас имамы Ержан Толепов, Жетісай және Мақтаарал аудандарының бас имамдары Ардақ Нүсіпханұлына елдімекендерде бой көтеріп жатқан ғимараттардың жай-күйн таныстырып өтті. Кездесу барысында Ардақ Нүсіпханұлы мешіт жанынан сауат ашуға арналып бой көтеріп жатқан ғимаратты қайырымдылық мекеме ретінде «Уақып» қорына өткізу мәселесін жіті түсіндіріп, екіжақты келісімге келу әрі құжаттарды рәсімдеу үлгілерін бөлісті.

Сондай-ақ қор басшысының сапары Сайрам ауданында жалғасып, аймақтағы қайырымдылық мекемелерін аралап шықты.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *