Мекке қаласында Қазақстан қажыларын ұлы сапарға бастап келген туроператорлар басшыларымен кездесу өтті.

Жиынға наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бастаған Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері, Бас консул Руслан Тобылұлы және 16 қажылық туроператорының жетекшілері қатысты.

Басқосу барысында қазақстандық қажылардың ұлы құлшылыққа дайындығы, қажылық турфирмаларының қызмет көрсету сапасы т.б мәселелер талқыланды.

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Ершат қажы Оңғар компаниялар жетекшілеріне қажыларға сапалы қызмет көрсетуді, олардың құлшылығының дұрыс орындалуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ жиында қажылардың денсаулығын қадағалау, қауіпсіздік шараларын ескеру секілді мәселелер пысықталды. Қажылық компаниялары жетекшілеріне ҚМДБ тарапынан 16 компанияға бөлініп берілген уағызшы имамдардың лайықты насихат жұмыстарын жүргізуіне, қажылардың іс-шараларға жүйелі қатысуын қадағалауға қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

Жиында Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері де өз ұсыныс-тілектерін жеткізіп, ұлық сапарда белсенділік танытып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, биыл қажылық парызын өтеу үшін Мекке қаласына 5081 отандасымыз келді. Оларға 16 қажылық туроператоры қызмет көрсетуде.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *