Бүгін  Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз орталығында қасиетті Құрбан айт мерекесіне байланысты БАҚ өкілдеріне брифинг өтті.

Брифингке ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов және Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынады. Дәстүрлі түрде айт мерекесі күндері мешіттерде ұлттық салт-дәстүрге сәйкес өткізіледі. Онда ұлттық ойын түрлері, мерекелік дастархан жайылады. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж жанға «Раббың үшін Құрбан шал» атты акциясы аясында қол ұшын беріп, айналасына шуағын түсіріп, шапағатын тигізеді. Қашықтан құрбан шалуға арналған Qurban2024.Kz сайты жұмыс жасайды. Қаржылай мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Мұсылман қауымын мейірімділік пен бірлікке үндейтін мерекеде барынша жақсылық жасауға тырысайық», – деді бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы.

 «Биылғы жылы айрықша түрде қала әкімдігімен бірлесіп қала тұрғындары мен қонақтарына 33 орында «Балаларға базарлық» шарасы және қаладағы үлкен «Наурыз» және «Арбат» алаңында «QURBAN AIT FEST» атты мерекелік һәм рухани шара өткізіледі», – деді найб имам Мұхамеджан Естеміров. 

Құрбан айт намазы Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерде 16-маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады. Құрбан айт намазын оқу, қатысу ер мен әйелге уажіп амал болып саналады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *