Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Батыс Қазақстан облысына сапары барысында рухани білім ордасы «Орал» медресе-колледжінің жұмысымен танысты.

Алдымен медресе-колледж директоры Талғат Искалиев Діни басқарма төрағасының орынбасары Ершат Оңғар мен облыстың бас имамы Самат Әлібаевқа білім ошағының бүгінгі жай-күйін баяндап берді. таныстырды. Бұдан кейін наиб мүфти ұлағатты ұстаздармен және діни ілім алып жатқан шәкірттермен кездесіп, сұхбаттасты. Оқу сыныптары мен шәкірттердің жатақханасын, демалатын орындарын аралап медресе ұжымының атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді.

«Алдағы уақытта медресемен тығыз қарым-қатынас орната отырып, бірігіп жұмыс атқарсақ, біз алмайтын қамал болмас. Бір атаның баласындай жұмыла жүк көтерсек, асыл дініміз әлі-ақ қанатын кеңге жаяды» деді Ершат Оңғар.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *