Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Атырау облысы Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты жарты пара бойынша әйел-қыздар арасында құран жарысы өтті.

Қатысушы қыздардың біліктілігін ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Атырау облысындағы жауапты өкілі Қатеп Миланбекқызы бастаған әйел ұстаздар бағалады. Нәтижесінде І орынды Назерке Базарбаева (30000 теңге) жеңіп алса, ІІ орынды Фатима Бітімбай (20000 теңге), ал ІІІ орынды Ақерке Оңғарбек (15 000 теңге) еншіледі.

Сондай-ақ қатысқандардың бәріне арнайы ынталандыру сыйлығы берілді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *