Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2024.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырды.

Құрбан айттың үшінші күні, яғни, 18 маусымдағы мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 6 274 мал шалынды. Тарқатып айтсақ, қой – 5 714, ешкі – 216, ірі қара – 340, түйе – 4. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 23 234 отбасыға, 83 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру осымен тоқтатылды.
Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасқаны үшін барлық азаматқа разы болғай!

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *