Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Бөлім сағаты» жобасы аясында кезекті жиын өтті.


Жиын барысында ҚМДБ жанындағы «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев есеп беріп, жұмыс жоспарымен бөлісті.

Айбек Асқарбекұлы орталықтың зертханалық жұмысы, аудит жүргізу бағытындағы іс-шаралары, кәсіпорындарға «халал» белгісі бойынша сертификат беру тәртібі жайлы баяндама жасады.
Оның айтуынша, ҚМДБ жанындағы «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығы осыған дейін 1727 кәсіпорынға арнайы сертификат берген. Оның 19-ын шетелдік кәсіпорын алған. Өткен жылы «ҚМДБ халал» таңбасымен 10 мың тоннаға жуық өнім шетелге экспортталған.

Жиында ҚМДБ қызметкерлері халал стандарттау саласын дамытуға қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Бас мүфти орталық жұмысын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *