«Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы облысына іс-сапары барысында өңірдегі кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді.

Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті жауапты өкіл Жанәбіл Жұмабеков пен технолог Әселхан Сыдық та қатысты. Аудит барысында «Fresh house» сүт өнімдері, «Якар» кондитерлік кәсіпорны, «Прайм агро сервис» шұжық цехы, «Бауырлар» шаруа қожалығы, «Meat processing and service» ет комбинаты, «Рауан агро» қасапханасы, «Тамаша», «Маки-маки» тамақтану орындары тексерілді.

«Аудит аясында бірқатар өндіріс орындары қадағаланды. Кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудит жоғары деңгейде өтті. Тексеріс нәтижесі оң. Сонымен қатар, «Бауырлар» шаруа қожалығына «QMDB Halal» сертификаты табысталды» – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *